Меценаттар

Тасөткел орта мектебі

Ташенов Қайрат Қажығалиұлы 1965 жылы Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы,  Көктөбе ауылында дүниеге келген.1982 жылы 10 класты бітіріп,1983 жылдан 1985 жылы әскер қатарында әскери борышын өтеген. 1985-1990 жылдары Батыс Қазақстан  Ауылшаруашылық институтында оқып бітірген. 1990 жылдан бастап 1999 жылға дейін Көктөбе ауылында Зоотехник қызметін атқарды. 1999 жылдан 2015 жылға дейін Көктөбе ауылының әкімі қызметін атқарды. 2016 жылдан  бастап Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Тасөткел селосында әкімдік қызмет атқарады.Ташенов Қайрат Қажығалиұлы жаңа жыл шыршасында мектеп оқушыларына түрлі сыйлықтар алып беріп,мектеп оқушыларын қуантты.

 

             Баймурзин Асылбек Кадіржанұлы  1977 жылы 5 қаңтарда Ақтөбе облысы, Қарабұтақ ауданы, Тасөткел ауылында  дүниеге келген. 1993-1994  оқу жылында  Тасөткел орта мектебін  бітіріп , 1996 жылы Ақтөбе АСХ Колледжіне түсіп, 2001 жылы бітірген. 1996-1998 жылдары әскери борышын өтеді. 2001 жылдан бастап Тасөткел ауылында мал дәрігерлік қызметін атқарады.Қазіргі таңда Тасөткел селосында бас мал дәрігерлік қызметі мен  бірге 2016 жылдан бастап жеке кәсіпкер болып жұмыстар атқарады.  Үнемі балаларға демеушілік жасайды.Жаңа жыл мерекесі қарсаңында  жаңа жылдық  биік шырша , және түрлі сыйлықтар алып беріп балаларды қуанышқа бөледі.